Билқис

Билқис - мұсылман аңызының кейіпкері, Құранда аталатын Саба падишасының есімі. Сүлейменнің ұлылығы туралы әңгімеге байланысты Құранда оған қызмет еткен көкектің патшаға Саба еліне барғаны жөнінде айтатыны бар. Онда адамдарды «бүкіл сыйға ие» және өзінің халқымен бірге шайтанның арбауына түскендіктен Аллаһқа емес. Күнге табылатын әйел билейді. Сулеймен көкек арқылы падишаға хат жолдап, оған өзіне бағынуды бұйырады. Жақын адамдарымен ақылдасқаннан кейін падиша патшаға сыйлық жібереді. Бірақ патша елшілерді күдікпен әрі салқын қабылдап, Сабаны жаулап алуға әскер жіберетінін мәлімдейді. Аңыз әңгімеге қарағанда падиша Сүлейменге өзі келген көрінеді. Патшаға көмектесуші сиқыршылар мен жындар падишаны тағымен қоса көзді ашып жұмғанша осында жеткізеді. Оны сарайга алып кіреді. Асыл шыны төселген еденді «су көлшігі» деп ойлап; «тізесін айтқанын» байқамай қалады. Бар ісіне Аллаһ жар болған Сүлейменнің осындай құдіреттілігі мен айлакерлігінен кейін падиша өзінің қателескенін мойындап Аллаһтың алдында бас иіпті делінеді. Билқис туралы аңыздың бірнеше түрі бар.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1