Берік Мәжитұлы Имашев

Берік Мәжитұлы Имашев

Берік Мәжитұлы Имашев (7 маусым, 1960, Алматы) — Қазақстан Республикасы Әділет министрі.

Қысқаша өмірбаяны

  • 1982 ж. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
  • Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі
  • Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші
  • аудан прокуроры
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы
  • Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 1994—1997 жж. «Казкоммерцбанк» акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары
  • Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары
  • салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары.
  • 1997 ж. мамыр — 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы.
  • 1998—1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
  • Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы.
  • 1999—2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
  • 2001—2003 жж. «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті.
  • 2003—2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
  • 2005 ж. мамыр — қазан айлары аралығында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды.
  • 2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
  • 12 қаңтар 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
  • 2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
  • 20 наурыз 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Әділет министрі.