Баян-Өлгей аймағы

Баян-Өлгей аймағы
Баян-Өлгий аймаг
Елтаңба
Елтаңба
Ту
Ту
Ел:

 Моңғолия

Статусы:

аймақ

Енеді:

13 сум (аудан)

Әкімшілік орталығы:

Өлке

Құрылған уақыты:

1940

Әкім:

Дәрмен Құзыкейұлы

Тұрғыны (2013):

91 470 (7 орын)

Тығыздығы:

1,86 адам/км² (6 орын)

Жер аумағы:

45 705 км² (17 орын)

Баян-Өлгей аймағы картада

Баян-Өлгей аймағы, карта

Уақыт белдеуі:

UTC+7

ISO 3166-2 коды:

MN-071

Телефон коды:

+976 (70) 42

Автомобиль коды:

БӨА

Ресми сайты
Қазақтар Байөлкеде

Баян-Өлгей аймағы (моңғ. Баян-Өлгий Аймаг, қазақша балама аты — Бай-Өлке, Байбесік) — Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 ж. құрылған. Аймақ орталығы — Өлке қаласы. Аймақ 13 сұмын және 90 бақтан тұрады.

Әкімі — Дәрмен Құзыкейұлы

Баян-Өлгей аймағының адам саны 91 мың 470, халқының 93 % — қазақтар, қалғаны моңғолдың ұраңқай ұсақ руы мен тыва ұлт өкілдері тұрады.

Географиясы

Толбо/Тұлба көлі

Баян Өлгий аймағы Моңғол Алтай тауының солтүстігінен оңтүстігіне созылып орналасқан. Батысында Моңғол Алтай тауының сілемдерімен ҚХР-ның ШҰАР-мен 450 км, солтүстігінде Сийлхэм жотасымен РФ-ның Алтай Республикасымен 225 км, шығысында Увс аймағымен 165 км, оңтүстік шығысында Ховда аймағымен 450 км шектесіп орналасқан. Қазақстанға ең жақын шекара сызығы аймақтың солтүстігінен 27 км жерде орналасқан. Аймақ теңіз деңгейінен орта есеппен 1301-4374 м биіктікте орналасқан, жер көлемінің 95,3% 1600 метрден биік. Аймақ территориясында Ачит, Даян, Хотон, Хоргон, Толбо секілді тұщы сулы 80- көл , 100-дей өзен, 200 бұлақ бар. Қобда, Ақсу, Согоог , Ёлт, Сагсай , Булган, Жалғыз ағаш, Буянт, Бөхмөрөн секілді үлкен өзендер бар. Қобда өзеннің ұзындығы 506 км. Толбо және Ачит көлінде балық шаруашылғы бар.