Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов

Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
Лауазымы
Ту
5-ші Маңғыстау облысының әкімі
22 желтоқсан 2011 — қаңтар 2013
Президент:Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр:Кәрім Мәсімов
Ізашары:Қырымбек Елеуұлы Көшербаев
Ізбасары:Алик Серікұлы Айдарбаев
Ту
8-ші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі
14 қазан 2005 — 2 сәуір 2009
Премьер-Министр:Кәрім Мәсімов
Даниал Ахметов
Ізашары:Зауытбек Турысбек-тегi
Ізбасары:Серік Баймағанбетов
Ту
4-ші Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Ту
қазан 1997 — қыркүйек 2000
Премьер-Министр:Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрлан Балғымбаев
Ізашары:Константин Колпаков
Ізбасары:Игорь Рогов
Өмірбаяны
Партиясы:«Нұр Отан»
Білімі:ҚазҰУ
Мамандығы:Заңгер
Діні:Ислам
Дүниеге келуі:26 қараша 1960(1960-11-26) (57 жас)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы
Жұбайы:Мұхамеджанова Зарема Хайдарқызы
Балалары:Мәдина (1980 жылы туған), Әдина (1997 жылы туған).
Әскер түрі:запастағы капитан

Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов (26 қараша, 1960, Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылы) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2011).[1], Ішкі істер министрі, заң ғылымдарының докторы.

Өмірбаяны

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер.
  • Заң ғылымдарының докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы басқару формалары: конституциялық үлгі және мемлекеттік басқару тәжірибесі».
  • 1983 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті.
  • 1990 жылдың шілде айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі.
  • 1991 жылдың қыркүйек айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары.
  • 1992 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
  • 1993 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі.
  • 1994 жылдың ақпан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі
  • 1994 жылдың маусым айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамаларжәне құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.
  • 1995 жылдың қараша айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
  • 1996 жылдың желтоқсан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997 жылдың қазан айынан — Қазақстан Республикасының әділет министрі
  • 2000 жылдың қыркүйек айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2002 жылдан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары.
  • 2003 жылдан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2005 жылдан — Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі
  • 2009 жылдың сәуір айынан бері — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
  • 22 желтоқсан 2011-20 қаңтар 2013 - Маңғыстау облысының әкімі.
  • 26 наурыз 2013 жылы - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.[2]
  • 21 мамыр 2013 жылдан - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы.[3]