Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының елтаңбасы
Батыс Қазақстан облысы елтаңбасы

Облыс орталығы

Орал

Құрылған уақыты

1868 жыл

Аудандар саны

12

Тұрғыны

646 089 адам[1] (2017 жыл)
13-ші орын
- тығыздығы
4,27 адам/км²
13-ші орын

Ұлттық құрамы

қазақтар 74,69 %
орыстар 20,63 %
украиндар 1,60 %
татарлар 1,35 %
басқалары 1,73% (2015ж.)[2]

Жер аумағы

8-ші орын

- Барлығы
- Су беті

151 339 км²

Экономикалық ауданы

Батыс Қазақстан

Әкімі

Алтай Көлгінов

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-ZAP

Телефон коды

+7 7112 xx-xx-xx

Пошта индекстері

09xxxx

Автомобиль коды

07

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Ресми сайты

http://bko.gov.kz

Батыс Қазақстан облысыҚазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 624 мың адам (2014). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.