Батыния

Батыния (араб.: باطنية‎) — («ішкі», «көзден таса», «жасырын» деген мағынаны білдіретін батын сөзінен шыққан) Құран мен Сүннетті еркін, аллегориялық түсіндіруді жақтаушылардың, одан «құпия» тылсым сыр іздеушілердің жалпы атауы. Заһиршыларға қарама-қарсы батыния қасиетті жазбаларды, «сыртқы», «айқын» нәрселерді қасиетті ақиқат белгілер ретінде қабылдады.

Ақиқаттың астарын ашу мақсатына қол жеткізу үшін аллегориялық түсіндірудің қажеттігін негіздеуде батынияа Құранға жүгінеді. Онда түрлі «сыртқы», «айқын» белгілерге «ішкі», «құпия» нәрселер қарама-қарсы қойылып отырады. Құранды аллегориялық түсіндіру әдісі VIII ғасырда Ирактағы шииттер ортасында пайда болды. Олардың кейбір белгілері яһуди-христиан экзегеттері мен гностиктерінде де бар.

Әдебиет

  • «әл-Фарқ бәйна әл-фирақ», Хатыб әл-Бағдади (281 - 312);
  • «Діндер туралы кітап», әш-Шаһрастани (148, 165, 168,229);
  • «Талбис Иблис», Ибн әл-Джәузи[1]