Баталия жанры

Сурет:Баталия жанры. М.Қалымов, Исатай-Махамбет көтеріліс!.jpg
Баталия жанры. М.Қалымов, Исатай-Махамбет көтеріліс!

Баталия жанры шайқас жанры - бейнелеу өнерінің әскери өмірге, соғыс тақырыптарына арналған саласы. Баталия жанры тарихи және тұрмыстық жанрлармен тығыз байланысты. Қазақстандағы Баталия жанрының тууы ежелгі дәуірле - республика аумағында алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болу кезеңіне саяды. Бұл кезеңнен бізге жеткен жартастарға қатап салынған суреттердегі соғыс қимылдары мен аң аулау сәтіндегі жауынгерлердің әрекеттері белгілі бір ырғакқа және шеңбер бойлай орналасу ережесіне бағындырылғаны ("Ежелгі түркі даңқы", Ойжайлау жартасы) байқалады. Қазақстанның кәсіби суретшілері кескіндеме, мүсін және графика саласы бойынша Баталия жанрында көптеген туындылар жасады. Қазақ кескіндемесінде Ә.Қастеев, М.Кенбаев, Н.Нұрмұхамедов, Қ.Телжанов, А.Молдабеков, Н.Қарымсақов, т.б.Баталия жанрында еңбек етті.Мүсін өнерінде Баталия жанры - 2-дүниежүзілік соғысы ерлеріне арналған Панфилов паркіндегі Данқ мемориалын (мүсінші В.В. Андрющенко, 1975), Ә.Жангелдин ескерткішіндегі мүсіндерді (мүсіншілері Т.Досмағамбетов, О.Г.Прокофьева, 1975) атап айтуға болады. Қазақ графикасында да Баталия жанрына үлкен көңіл аударылды. В.И. Антощенко-Оленовтың ("Отан атымен", 1958), Е.М.Сидоркиннің ("Ғасырлар қатарында" топтам-сынан "Соғыс", 1971 - 79), Т.Ордабековтің ("Ақын өлімі", 1958), т.б. туындыларды атауға болады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8