Барыс (жануар)

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Барыс деген бетті қараңыз.

Барыс
Uncia uncia.jpg
Амандық күйі
Status iucn3.1 EN.svg
Жойылу қаупіндегілер (IUCN) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Жыртқыштар
Тұқымдасы:Felidae
Кіші тұқымдасы:Pantherinae
Тегі:Uncia
Түрі:U. uncia
Екі-есімді атауы
Uncia uncia
(Иоганн Христиан фон Шребер, 1775)
Range map
Range map

Қар барысы, ірбіс (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық.

Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан Республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.

Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.[2]

Атауының шығу тарихы

Тува жерінде бұл түрді ирбиш, Жетісу жерінде ильберс, Алматының шығысында ирвиз, түркі тілдерінде ирбиз деп атаған. Сондықтан оны ілбіс немесе барыс деп атап кеткен.