Барсиса

Барсиса (Барсис) - мұсылман аңызындағы кейіпкер, Құранда аталатын адамның есімі, ол (Ібіліс) адамға: «Кәпір бол» деді. Ал адам кәпірге айналғанда ол (Ібіліс) былай деді: «Мен әлемнің билеушісі Аллаһтан қорыкқандықтан сенен теріс айналайын». Сол себепті екеуі де тамұқта мәңгілік қалды. Дінсіздердің сыбағасы осындай. Бұл аяттар адамды жолдан тайдыруға шамасы келгенімен, оны Аллаһтың қаһарынан қорғауға Ібіліс Шайтанның дәрменсіз екенін көрсетті. Ібіліс Аллаһтың қарсыласы, бақталасы емес, бірақ жолдан тайдырған адамдарымен бірге қиямет қайымда жазаланатын әлсіз жау. Құраннан кейінгі аңызда ағалары қалдырыл кеткен сырқат бойжеткенге қамқорлық жасауға келісім берген Барсиса атты тақуа жөнінде айтылады. Ібілістің азғыруына ерген ол бойжеткенді жолдан тайдырыл, қылмысын жасыру үшін соңынан оны өлтіреді. Бойжеткеннің ағаларына қызды аурудан әлді деп хабарлайды. Ібіліс оларға қарындасының өлімінің түпкі себебін ашып қояды да олар тақуаны ұстап алып, өлтірмек болады, сонда Ібіліс мұнан кұтылудың бірден-бір жолы ретінде Аллаһтан бас тартуды ұсынады. Барсиса оның айтқанын істейді, бірақ Ібіліс сол заматта-ақ тайқып шығып Б-дан теріс айналып кетеді. Бұл әңгіме өсиеттік әдебиетте кеңінен пайдаланылады. Дінге қызмет етушілер оны Ібілістің әдіс-айласының көрінісі ретінде пайдаланды, яғни адамның құпия тілегін пайдаланып Шайтан оны жағымсыз істерге итермелейді.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1