Барака

Барака - бата беру. Құранда оның түбірінен бірнеше мағына тарайды. Барака термині - барақат деген атаумен тек көпше түрде ғана қолданылады. Құран бойынша Аллаһқа негізделеді, Иса, Мұса, Ибраһим, Исхақ сияқты Пайғамбарларды жебеп қолдады. Пайғамбарлар мен олар бастаған «үмбеттерге» сыйға тартылған құнарлы да, бай жерлер о баста Құдайдың «құдіретімен» негізделіп, берілген. Пәтуалы, баталы, киелі нәрселер. Құдай әлеміне жол салған және алғашқы тілдесу түйін лайлат әл-кадрды ашқан Құран «киелі» (мүбарак). Рахман және сәлем терминдерінің көмегімен осыған ұқсас түсініктер Кұранда да жазылған. Барака туралы Қазандағы түсініктерді мұсылман дінтанушылары христиан мен яһудилік догматикалық жүйесімен айтыстың ықпалы барысында ой елегінен қайта өткізіліп дамытылды. Соның нәтижесінде Исламда Құранға тән - Бараканың Құдай өз сырын ашқан Пайғамбарларға және Құдайға тән шабыт дарыған «әулиелерге» ауысу мүмкіндігі туралы түсінік пайда болды. Шииттік дінтану ілімі бойынша Баракаға ең алдымен Пайғамбардың ұрпақтары - шарифтер ие болуға тиіс. Барака туралы түсінік мұсылмандық діни нанымның маңызды бөлігін құрайды және сұқтанудан сақтау, ем-дом жасау, т.б. іс-әрекеттермен астасып жатады. Барака тілеу дәстүрлі мұсылмандық амандасудың құрамдас бөлігі болып табылады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1