БТА Банкі

«БТА Банк» АҚ
логотипі
Түрі

Акционерлік Қоғам

Лицензия

№ 242 4 наурыз 2008 жылы

Қызметі

Барлық банк қызметтері

Құрылған жылы

1991

Орналасқан жері

ҚазақстанҚазақстан Қазақстан Алматы

Басты адамдары

Арман Дунаев (директорлар кеңесінің төрағасы),
Ануар Сәйденов (басқарама төрағасы)

Меншікті капиталы

−1,4 трлн теңге
(2009 жылдың III тоқсаны)[1]

Активтері

2,1 трлн теңге
()[1]

Таза табысы

−2 трлн теңге
(2009 жылдың III тоқсаны)[1]

Аудитор

Ernst & Young

Сайты

Ресми сайты

ТұранӘлем Банкі

БТА Банкі – Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі коммерциялық банк. БТА Банкі, АҚ (бұрынғы атауы «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) 2008 жылдың бірінші тоқсанында ребрендинг нәтижесінде жаңа атауға ие болды) — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрушы болып табылады.

БТА Банкі — бүгінде нарықтың барлық саласына қатысушы, жетекші қаржылық топқа айналды: корпоративтік және жеке тұлғалар бизнесі, сауданы қаржыландыру, қор рыногы, несиелендіру, шағын және орта бизнесті дамыту, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры және т.б көптеген қызмет түрлерін қамтиды.

БТА Банкінің қазіргі таңда Қазақстан бойынша 22 филиал, 274 бөлімшесі мен Украинада (Киев), Ресейде, БАӘ-де (Дубаи) және Қытайда (Шанхай) халықаралық өкілдіктері бар, және банкінің желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға, Қазақстан мен Түркияға тарайды. [Мағлұмат БТА Банкінің ресми сайтынан алынған]

БТА Банкі негізі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды. 2005 жылы аса беделді «Euromoney» журналының мәлімдеуі бойынша «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» деген жоғары мәртебені иеленді. Британдық «The Banker» журналының «Шығыс Еуропадағы шағын банктер арасындағы ең үздігі» мәртебесіне ие болды. БТА Банкінің марапаттарын банкінің ресми сайтында көре аласыз [1].

2009 жылы Қазақстан билігі БТА банкті мемлекет қарауына алып, банктің бұрынғы (2005-2009 жылдардағы) иесі Мұхтар Әблязовқа халықаралық іздеу жариялаған еді.

Банктің Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстандағы кейбір басшыларына байланысты қылмыстық іс қозғалып, «ірі көлемде банк қаржысын ұрлады» деген айыптар тағылған. БТА одан кейін «заңсыз әкетілген активтерді қайтару» науқанын бастаған.

Тарихы

Банктің тарихы 1925 жылы 15 қазанда Өнеркәсіптік банктің Қазақстан аумағындағы бөлімшесі ретінде құрылған күнінен басталады. Кейін бөлімше түрліше атпен қайта құрылып отырды: 1932 жылдан КСРО Құрылыс пен электр шаруашылығын қаржыландыру банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі, 1949 жылдан КСРО Өнеркәсіптік банктің, кейін КСРО Құрылыс банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі, 1987 жылдан КСРО Өнеркәсіптік-құрылыс банкі Қазақ респ. банкі деп аталды, 1991 жылы 4 наурызда Қазақ республикасы “Тұранбанк” мемлекеттік коммерция өнеркәсіптік-құрылыс банкі, осы жылдың 24 шілдесінде “Тұранбанк” Қазақ акционерлік банкі болып өзгертілді. КСРО Сыртэкономбанктің 1990 жылы құрылған Қазақ республика банкі 1992 жылы “ALEM BANK KАZAKHSTAN” Қазақстан Республикасының Сыртқы экономика қызмет банкі деп қайта аталды. Бұл акционерлік банк бірқатар жылдар бойына ҚР Үкіметінің мемлекет кепілдігімен шетелден несие тарту жөніндегі агенттігі болды. 1997 жылы15 қаңтарда “Тұранбанк” пен “Қазақстан Әлембанк” қосылып, “Тұранәлембанк” ЖАҚ болып қайта құрылды. 1998 жылы 1 қазаннан ААҚ, 2003 жылдан АҚ.

Банктің жоғары органы – акционерлер жиналысы, атқарушы органы – басқарма. Тұранәлембанк Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің арасында активтері мен меншікті капиталының көлемі бойынша жетекші орында. Ол Қазақстанның жүйе құраушы банкіне және ТМД елдерінде банк желісін құру жөніндегі көшбасшысына айналып отыр. Оның активі 9,2 млрд. АҚШ доллары, меншікті капиталы 1,6 млрд. доллардан асады. Тұранәлембанк нарықтың барлық буындарына: корпоративтік және бөлшек сауда бизнесіне, сауданы қаржыландыруға, қор нарығына, шағын және орта бизнесті несиелендіруге және дамытуға, лизингіге, ипотекаға, зейнетақы қорына, басқа да көптеген шараларға қатысады. Оның 750 мыңға жуық клиенті бар. Қазақстан бойынша 22 бөлімшесі, 193 есептесу-кассалық бөлімі жұмыс істейді. ТМД елдерінде және алыс шетелдерде, бірқатар халықараралық өкілдіктері бар. Тұранәлембанк қызметінің стратегиялық бағыты – банк көрсететін қызметтің географиясын әртараптандыру, ТМД елдері мен алыс шетелдер экономикасының түрлі секторларына қатысу ауқымын кеңейту, сондай-ақ банк өнімдерінің түр-түрін дамыту, несие беру және сауданы қаржыландыру, тұрақты да серпінді түрде өсуге ұмтылу.

Банк акционерлерінің құрамына EBRD (Еуропа жаңғыру және даму банкі), RZB (Райффайзен Централ Банк), ҚFC (Халықаралық қаржы корпорациясы), FMO (Голандия даму банкі) сияқты әлемнің аса ірі халықаралық қаржы институттары кіреді. Тұранәлембанк Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша маркет-мейкер мәртебесіне ие болып отыр.[2]