Ақтөбе облысы

Қазақстан облысы

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының елтаңбасы
Ақтөбе облысы елтаңбасы
Қазақстан картасындағы Ақтөбе облысы

Облыс орталығы

Ақтөбе

Құрылған уақыты

10 наурыз 1932 жыл

Аудандар саны

12

Тұрғыны

822 688[1] (2015 жыл)
8-ші орын
- тығыздығы
2,78 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар 81,35%
орыстар 12,30%
украиндар 2,82%
татарлар 1,14%
басқалары 2,39% (2015 ж.)[2]

Жер аумағы

2-ші орын

- Барлығы
- Су беті

300 629 км²

Экономикалық ауданы

Батыс Қазақстан

Әкімі

Бердiбек Сапарбаев

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-AKT

Телефон коды

+7 713

Пошта индекстері

03xxxx

Автомобиль коды

04

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Ресми сайты

http://aktobe.gov.kz
Табиғат көрінісі

Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,

оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен,

батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облысымен,

шығысында — Қостанай облысымен,

оңтүстік-шығысында — Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.

Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

Халқы

1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.

Ақтөбе облысы халқының саны[3] [4]

1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007
550 582 629 241 737 995 682 558 668 378 671 812 678 602 686 698 695 454
2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
703 660 757 768 763 589 777 471 786 349 795 817 808 932 822 522 834 813