Ақтау

Қала
Ақтау
Aktau Light house Caspian Sea.jpg
Таңбасы
Таңбасы
ЕлҚазақстан
Статусыоблыс орталығы
ОблысыМаңғыстау облысы
Координатасы43°39′ с. е. 51°09′ ш. б. / 43.650° с. е. 51.150° ш. б. / 43.650; 51.150 (G) (O) (O) (Я)
ӘкіміТұрымов Серікбай Өтелгенұлы
Құрылған уақыты1961
Бұрынғы атауыШевченко
Қала статусы1963
Жер аумағы30 км²
Ресми тіліҚазақ
Тұрғыны185100 адам (2015)
Тығыздығы6000 адам/км²
Ұлттық құрамыҚазақ 76%
Уақыт белдеуіUTC+5:00
Телефон коды+7 7292
Пошта индексі130000
Автомобиль коды12
Ресми сайтыhttp://aktau.gov.kz/
 (қаз.)  (орыс.)
Ақтау (Қазақстан)
Red pog.png
Ақтау (Маңғыстау облысы)
Red pog.png

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Ақтау (айрық) деген бетті қараңыз.

АқтауҚазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.

1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған болатын.

Географиясы

Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.

Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.

2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты ( Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.