Ақпан

Жыл айлары
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Ақпан — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 2-ші келетін феурал[1] айына сай қазақша атауы.[2]

Қазақ халқының азаматтық күнтізбесіндегі 12-ай, 30 күндік, қаңтардан соң, наурыздан бұрын келеді. Ақпан аты “Ақ ықпа” (боран) сөзінен шыққан. Ауа райының қатал болатынына қарай ақ басқын мен ақ ықпа екі ағайынды деп те аталған. Ақпан ескі санат бойынша 2 Ақпаннан 3-наурызға, ал жаңа санат бойынша 14 Ақпаннан 16-наурызға дейінгі аралық. Ақпан — Григорий күнтізбесінің 2-айы, қыстың 3-айы. Бұл айды ежелгі түркілер “Кічік ай”, хакастар “Кічік қырлас ай” дейді.

Түсініктемелер

  1. Феурал — римдіктердің Febrarius деген сөзінен алынған. Бұл сөздің мағынасы садақа беріп, күнәден тазалану дегенді білдіреді.
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2