Ақмола облысы

Қазақстан облысы

Ақмола облысы

Ақмола облысының елтаңбасы
Ақмола облысы елтаңбасы
Қазақстан картасындағы Ақмола облысы
Облыс картасы

Облыс орталығы

Көкшетау

Құрылған уақыты

14 қазан 1939 жыл

Аудандар саны

17

Ауылдық округтер саны

245

Тұрғыны

736 528[1] (2015 жыл)
11-ші орын
- тығыздығы
5 адам/км²
9-шы орын

Ұлттық құрамы

қазақтар — 49,64%
орыстар — 34,14%
украиндар - 4,65%
немістер - 3,57%
татарлар - 1,82%
басқа халықтар - 6,18% (2015 ж.)[2]

Жер аумағы

9-шы орын

- Барлығы
- Су беті

146 219 км²

Экономикалық ауданы

Солтүстік Қазақстан

Әкімі

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-AKM

Телефон коды

+7 7162 xx-xx-xx

Пошта индекстері

02xxxx

Автомобиль коды

03

Уақыт белдеуі

UTC+6:00

Ресми сайты

http://akmo.gov.kz

Ақмола облысыҚазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 196192 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.[3]

Кен байлықтары

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.