Ахметжан Смағұлұлы Есімов

Ахметжан Смағұлұлы Есімов
Ахметжан Смағұлұлы Есімов
Лауазымы
ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасы
9 тамыз 2015 жылдан бастап
Президент:Нұрсұлтан Назарбаев
Ту
Алматы қаласының әкімі
4 сәуір 2008 жылыдан бастап
Ту
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
19 қаңтар 2006 жыл — 4 сәуір 2008 жыл
Ізашары:Асқар Мырзахметов
Ізбасары:Ақылбек Күрішбаев
Ту
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
мамыр 2001 жыл — 14 мамыр 2004 жыл
Ізашары:Сауат Мыңбаев
Ізбасары:Серік Үмбетов
Алматы облысының әкімі
қыркүйек 1991 жыл — желтоқсан 1994 жыл
Ізбасары:Қасым Төлебеков
Өмірбаяны
Мамандығы:дипломат
Дүниеге келуі:15 желтоқсан 1950(1950-12-15) (67 жас)
Интернационал ауылы, Қаскелең ауданы, Алматы облысы,  Қазақ КСР (қазіргі Қазақстан), КСРО

Ахметжан Смағұлұлы Есімов (15 желтоқсан 1950 жыл Қаскелең ауданы, Алматы облысы) — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы.

Өмірбаяны

«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процесстер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген.

«Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген.

1968 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Достық» кеңшарының спорт жөніндегі әдіскері.

1969 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті.

1974 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Ленин» кеңшарының инженер-механигі.

1977 жылдың желтоқсанынан - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысшылар комитетінің төрағасы (Алматы облысы Қаскелең ауданының «1 май» ауылы).

1979 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.

1979 жылдың тамызынан - «Ленин» кеңшарының партком хатшысы.

1982 жылдың наурызынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.

1983 жылдың мамырынан - «Ленин» кеңшарының директоры.

1985 жылдың тамызынан Алматы облысы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы.

1986 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1988 жылдың қаңтарынан - Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары-облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы.

1988 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.

1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары.

1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.

1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1996 жылдан - ҚР мемлекеттік хатшысы.

1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы.

1998 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі.

2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

2008 жылдан бері - Алматы қаласының әкімі.

2015 жылдың 9 тамызынан "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы.