Атырау облысы

Қазақстан облысы

Атырау облысы

Атырау облысының елтаңбасы
Атырау облысы елтаңбасы
Қазақстан картасындағы Атырау облысы

Облыс орталығы

Атырау

Құрылған уақыты

15 қаңтар 1938 жыл[1]

Аудандар саны

7

Тұрғыны

581 468[2] (2015 жыл)
16-шы орын
- тығыздығы
4,58 адам/км²
11-ші орын

Ұлттық құрамы

қазақтар — 91,97%
орыстар — 5,8%
корейлер 0,54%
татарлар — 0,40%
басқалар — 1,29% (2015ж.)[3]

Жер аумағы

12-ші орын

- Барлығы
- Су беті

118,6 мың км²

Экономикалық ауданы

Батыс Қазақстан

Әкімі

Нұрлан Ноғаев

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-ATY

Телефон коды

+7 712х xx-xx-xx

Пошта индекстері

06xxxx

Автомобиль коды

06

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Ресми сайты

http://atyrau.gov.kz

Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 жылы Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі.

Облыс орталығы - Атырау қаласы.

Жер бедері

Облыс аймағы Каспий ойпатының солтүстік-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстірттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері солтүстігінен оңтүстікке қарай аласара түсетін Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімденген.

Бұл аймақты Жем қыраты мен Үстірттің батыс сілімдері Доңызтау (214 м), оның бөліктері Желтау (221м), Тамды (175) жоталары алып жатыр. Қайнар мен Жем өзендері араларында Иманқара (199м) Қойқара қыраттары, Қарамұрат жоны, Алабие, Аққұдық, Қабылан жоталары орналасқан. Олар ақшыл ізбес тастан тұрады. Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Индер тауы орналасқан. Таудың биіктігі 52 м., ұзындығы 25-30 км, ені 10 км-ге жуық.

Нарын құмы (сары түсті)- Атырау облысындағы ең үлкен құмды массив

Каспий маңы ойпатының оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктерінде құмды шағылдар көп тараған. Еділ өзенінің сол жағалауы мен Каспий теңізінің жағалықтарын Нарын құмы мен Мыңтөбе құмы, Қосдәулет, Ботай құмдары, Ойыл мен Сағыз аралығын Тайсойған, Бүйрек құмдары, облыстың шығысын Каспий маңы Қарақұмы алып жатыр. Бұл құмдардың ең үлкені –Нарын құмы.

Атырау аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі- сорлар. Олардың тереңдіктері 5-10 м-ге жетеді. Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий теңізіне құятын Еділ жəне Жайық өзендерінің аралығының барлық дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың солтүстік-батыс жағы Еуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен шөлейттік аймақта жатыр.

Сонымен қатар Атырау аумағында тақырлар кездеседі. Ең үлкен тақыр Намаз тақыры деп аталады. Ол облыстың солтүстік- шығысында орналасқан.</ref>Е.Қаженбаев Атырау облысының географиясы ISBN 9965-741-14-х</ref>