Атырау

Қала
Атырау
Атырау
Таңбасы
Таңбасы
ЕлҚазақстан
СтатусыОблыс орталығы
ОблысыАтырау
Координатасы47°07′ с. е. 51°53′ ш. б. / 47.117° с. е. 51.883° ш. б. / 47.117; 51.883 (G) (O) (O) (Я)
ӘкіміСерік Шапкенов[1]
Құрылған уақыты1640
Бұрынғы атауыУсть-Яицкий қалашығы, Нижний Яицкий қалашығы, Гурьев.
Қала статусы1885
Жер аумағы3500 км²
Климатықатаң континенталды, қуаң
Ресми тіліқазақ
Тұрғыны217 312[2] адам (2013)
Этнохорониматыраулық
Уақыт белдеуіUTC+5:00
Телефон коды+7 7122
Пошта индекстері060001-060011
Автомобиль коды06
Ресми сайтысілтеме
 (қаз.)  (орыс.)  (ағыл.)
Атырау (Қазақстан)
Red pog.png
Атырау (Атырау облысы)
Red pog.png

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Атырау (айрық) деген бетті қараңыз.

АтырауАтырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған.

Атауы

Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.

Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.

Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.

1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.

1992 ж. бері қала атауы — Атырау.