Атлант (мүсін)

Атлант - жабық үйлердің төбесін, бастырмаларды, балкондарды ұстап тұратын ер адам бейнесіндегі мүсін-бағана. Атлант ежелгі дәуірде (грек аңызында Зевс құдайының өмірімен аспайды тіреп тұрған алып Атлас атымен аталған) пайда болған. Атланттың архитектурада өріс алған кезеңі 17 - 19 ғасырлар. Акраганттағы Зевс ғибадатханасы (б.з.б. 5 ғ.), Тулон қаласындағы Ратуша (1656 - 57, Франция) мен Санкт-Петербург қалаларындағы Жаңа Эрмитаж (1844 - 49, Ресей) Атланттары көпке белгілі.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8