Архитектуралық шағын пошымдар

Архитектуралық шағын пошымдар - ашық кеңістіктерді ұйымдастыру мен қала құрылысын немесе бақ-парктер композициясын толықтыру үшін қолданылатын, міндеттері әр алуан кішігірім құрылыстардың жиынтық атауы; қалалық және ауылдық ортаны безендіру мен көркейту элементтері болып табылады. Архитектуралық шағын пошымдарға жер бедерін көріктендіруге байланысты жасанды су (фонтандар, бассейндер), тұрғындардың дем алуына арналған (балалардың, ересектердің дене тынықтыру - ойын алаңдары, жағажай жабдығы), көңіл көтеру (би және кино алаңдары, аттракциондар, т.б.) сауда және коммуналдық қызмет көрсетуге арналған (павильондар, жарнамалар) құрылыстар жатады. Бақпарк архитектуралық шағын пошымдарының тамаша үлгілері Өзбекстан мен Қазақстанның территориясында орныққан Темір әулеті дәуіріндегі (15 - 17 ғ.) шығыстың кескіндеме ескерткіштерінде сақталған. Қазақстанда архитектуралық шағын пошымдардың жаппай құрылысы жекелей түрде де, сонымен бірге типтік жобалар бойынша да жүргізіледі. Жаңа ықшам аудандар мен тұрғын үй массивтерін көркейту типтік жобалар бойынша жүргізіледі. Типтік жобалар бойынша салынған архитектуралық шағын пошымдар Қазақстанның көптеген қалаларында кездеседі. Мысалы, Шымкент қаласындағы дендропарк. Алматы қаласындағы бақ-парк құрылыстарын айтуға болады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8