Анықтауыш

Анықтауыш[1] деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.[2]

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3] Ол ирекпен белгіленеді.

Анықтауыш болатын сөз таптары

Анықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
    Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
  2. Зат есімнен болады:
    Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
  3. Сан есімнен болады:
    Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
  4. Есімдіктен болады:
    Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
  5. Етістіктің есімше түрінен болады:
    Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
  6. Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады

Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.