Антонина Алексеевна Леонтьева

Антонина Алексеевна Леонтьева (14.3.1901, Қазан қаласы- 30.5. 1969, Алматы) - әнші, Қазақстаннның еңбек сіңірген артисі (1943). Красноярск музыка училищесін бітірген (1924). 1938 - 1949 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының әнші-солисі болды. Леонтьева орыс композиторларының операларынан бірқатар партияларды орындады. Леонтьева әншілігімен қатар 1953 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) педогогикалық қызметпен шұғылданған.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8