Андорра

Андорра княздігі
Principat d'Andorra
Flag of Andorra.svgCoat of arms of Andorra.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Virtvs Vnita Fortior
(Латынша: Күш бірлікте)»
Әнұран:
Location Andorra Europe.png
Тарихы
Құрылды1278
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілікаталанша[1][2][3]
ЕлордаАндорра-ла-Велья[2][3]
Ірі қалаларыАндорра-ла-Велья
Үкімет түріУрхель епископы мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы қоса басқарылатын Конституционды монархия
Сокнязья

Үкімет басшысы
Франсуа Олланд
Жоан Энрик Вивес-и-Сисилиа
Антони Марти
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 178-ші-орын
468 км²
0,26 (121,4 га)[5]
Жұрты
• Сарап (2013)
• Санақ (2013)
Тығыздығы

91 023[4] адам (194-ші)
78 115 адам
180 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
  • Қорытынды (2009)
  • Жан басына шаққанда

4,90 млрд $ (177-ші)
44 623 $
ВалютасыЕуро (€)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.ad
ISO кодыAND
ХОК кодыAND
Телефон коды+376
Уақыт белдеулері+1

Андорра, Андорра княздігі — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км², халқы — 78,1 мың (2013), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (Андорраның желеп-жебеушісі).

Мемлекеттік құрылымы

1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша Андорра парламенттік княздік болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель епископы (Сеу-де-Урхель қаласы, Испания) мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар — Андорр тәуелсіздігінің, Испания және Франциямен достық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығарушы органы — бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын, үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген “институттар реформасы” бойынша құрамында 8 министрі бар Атқару кеңесі (үкімет) құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкілдері бар.