Анатолий Мубәрякзянович Ғаисин


Анатолий Мубәрякзянович Ғаисин
Дүниеге келгені:12 маусым 1952
РКФСР Бурятия Республикасының Улан-Удэ

Анатолий Мубәрякзянович Ғаисин - 1952 жылы 12 маусымда РКФСР Бурятия Республикасының Улан-Удэ қаласында туған. Орыс.

Әкесі - Гаийсин Мубарякзян Сабирович. Анасы - Ануфриева Любовь Ивановна, зейнеткер.

М.И. Глинка Атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1976), концерттік орындаушы, педагог, халық аспаптар оркестрінің дирижері; М.И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясының ассистентура-машықтануынан өткен (1978). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (1997 жылдан).

«Баянда ойнаудың прогрессивті мектебі» кітабының тең авторы (1988), жинақтарда жарияланған оқыту әдістемесі мен орындау теориясы мәселелері бойынша мақалалардың авторы.

Орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

1969 жылдан - Улан-Удэ қалалық №2 музыка мектебінің оқытушысы. 1971 жылдан - М.И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясының студенті. 1976 жылдың қыркүйек айынан - Улан-Удэ қалалық музыка училищесінің оқытушысы. 1976 жылдың қараша айынан М.И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында ассистент-машықтанушы. 1978 жылдан - Жамбыл қаласындағы облыстық филармонияның солисі, сонымен бір уақытта Жамбыл қаласындағы Д. Нұрпейісова атындағы БММ оқытушысы.

1980 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, доценті, профессоры. 1983-1990 жылдары - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солисі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі.

«Әлем кубогы» халықаралық конкурсының лауреаты (Гамбург, 1982). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1988). 1-ші Бүкілодақтық баяншы-аккордеоншылар конкурсының дипломанты (Новосібір, 1979).

ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1993).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өте жақсы».

Хоббиі - тау шаңғысы.

Сүйіп оқитын әдебиеті - О. де Бальзак, Б. Пастернак.

Үйленген. Жұбайы - Гаийсина Ольга Михайловна. Қызы - Гаийсина София (1977 ж.т.); ұлы - Гаийсин Дмитрий (1987 ж.т.).[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2