Анатолий Григорьевич Дерновой


Дерновой, Анатолий Григорьевич
Дүниеге келгені:1951 ж. тамыздың 21-інде
Қарағанды
Мансабы:Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi

Дерновой, Анатолий Григорьевич — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.

Қысқаша өмірбаяны

1951 ж. тамыздың 21-інде Қарағанды қаласында туған.

1974 ж. Қарағанды медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Талдықорған облысы Киров ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станса­сының бөлім меңгерушісі болып бастады, кейін осы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді.

19911994 жж. — Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

19941996 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

1996 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы.

2006 ж. қыркүйектің 20-ыдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.