Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев


Шабдарбаев, Амангелді Смағұлұлы
Дүниеге келгені:1950 тамыздың 1-і
Алматы облысы Қаскелең ауданы
Мансабы:Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Қысқаша өмірбаяны

1950 ж. тамыздың 1-і Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген.

Қазақ дене шынықтыру институтын, Мәскеу қаласындағы КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірген, оқытушы-жаттықтырушы, заңгер мамандықтарының иесі.

1974 ж. КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен.

1976 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке ауысады. Қызметін жедел уәкіл және аға жедел уәкіл лауазымдарында атқарды.

1986 ж. мемлекеттік қауіпсіздік органдарынан қызметтен кетеді. «Қазмұнайжолқұрылысы» тресінде бастапқыда шебер, кейін бастықтың орынбасары болып жұмыс істейді.[1]

1992 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің дербес Күзет қызметін құрудың ұйытқысы болды.

1995 ж. қарашада ҚР Мемлекеттік Тергеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады.

1997 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» Қызметіне басшылық жасайды.

Орталық мемлекеттік органдарды жаңа астанаға көшіру кезеңінде А.С.Шабдарбаев Президенттің Күзет қызметі бастығының орынбасары болып қайта оралады.

2002 ж. қаңтардан — ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы.

2006 ж. наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен генерал-лейтенант А.С. Шабдарбаев ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. [2]