Алматы облысы

Қазақстан облысы

Алматы облысы

Алматы облысының елтаңбасы
Алматы облысы елтаңбасы
Қазақстан картасындағы Алматы облысы

Облыс орталығы

Талдықорған

Құрылған уақыты

10 наурыз 1932 жылы

Аудандар саны

16

Ауыл саны

777

Тұрғыны

2 015 727[1] (2015 жыл)
2-ші орын
- тығыздығы
8,7 адам/км²
5-ші орын

Ұлттық құрамы

қазақтар 70,39%
орыстар 14,60%
ұйғырлар 7,90%
түріктер 1,88%
басқалары 5,31% (2015ж.)[2]

Жер аумағы

5-ші орын

- Барлығы
- Су беті

223 911 км²

Экономикалық ауданы

Оңтүстік Қазақстан

Әкімі

Амандық Баталов

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-ALM

Телефон коды

+7 728 xx x-xx-xx

Пошта индекстері

04xxxx

Автомобиль коды

05

Уақыт белдеуі

UTC+6:00

Ресми сайты

http://zhetysu-gov.kz

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Алматы (айрық) деген бетті қараңыз.

Алматы облысыҚазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Тарихы

Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым — Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 — 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 — 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 — 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 — 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.