Александр Арнольдович Леппик

Александр Арнольдович Леппик (21.9.1909 жылы туған, Ресей, Тверь облысы Внучки селосы) - архитектор. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы құрылыс инженерлері институтын бітірген (1936). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1937 жылдан Алматы қаласында тұрып, архитекторлық қызметпен шұғылданды. Ол 1937 -38 ж. Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының архитектура жобалау бюросында, 1938 - 60 ж. Қазақ қала құрылысын жобалау институтында жобалау бөлімінің басшы архитектор болып жұмыс атқарды. Оның қатысуымен Алматы қаласында салынған сәулет өнері саласындағы негізгі еңбектері: қазіргі Қазақ филармониясы (1954), Қазақстан Жазушылар одағының үйі (1959), қазіргі Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (1961), Неке сарайы (1971, басқалармен бірге), т.б.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8