Айтжан Нұрмағамбетова


Айтжан Қабдуалиқызы Нұрмағамбетова
Дүниеге келгені:07.06.1956
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қарашелек ауылы
Мансабы:әнші

Айтжан Қабдуалиқызы Нұрмағамбетова (1956) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). ҚазҰУ-дың журналистика бөлімін (1983), Республикалық эстрада цирк колледжін бітірген (1985). Репертуарында халық, қазақ, орыс және түрік, араб, т. б. елдердің үлттық әндері, сондай-ақ, қазіргі қазақ композиторларының (Б.Жұмалиннің "Бақыт деген...", М.Садыбековтің "Шилі әзен", т.б.) әндері бар. Нұрмағамбетова гастрольдік сапармен Германия, Моңғолия, Болгария, Түркия, т.б. шет елдерде және Қазақстанның бір-қатар аймақтарында болып өнер көрсетті. Қазір "Қазақконцерт" бірлестігінде еңбек етеді.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8