Іле Қазақ автономиялық облысы

Іле Қазақ автономиялық облысы

ىله قازاق اۆتونومىيالى وبلىسى
ئىلى قازاق ئاپتونوم ئوبلاست
伊犁哈萨克自治州
(Yīlí hāsàkè Zìzhìzhōu)
Ел:

 Қытай

Статусы:

автономия ішінде автономиялық облыс

Кіреді:

Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы

Енеді:

2 аймақ, 2 қалалық аудан, 7 аудан, 1 автономиялық аудан

Әкімшілік орталығы:

Құлжа қаласы

Ірі қаласы:

Құлжа қаласы

Басқа ірі қалалары:

Шәуешек, Алтай

Құрылған уақыты:

1954

Тұрғыны (2000):

3,880,000

Тығыздығы:

14,2 адам/км²

Ұлттық құрамы:

Қытайлар — 45,2 %,
Қазақтар — 25,4 %,
Ұйғырлар — 15,9 %,
Дүнгендер — 8,3 %,
Моңғолдар — 1,69 %,
Сиболар — 0,83 %

Жер аумағы:

273,200 км²

Іле Қазақ автономиялық облысы картада

Уақыт белдеуі:

UTC+8

Телефон коды:

0906

Пошта индекстері:

836500[1]

Ресми сайты

Іле Қазақ автономиялық облысы (төте жазу: ىله قازاق اۆتونومىيالى وبلىسى, ұйғ. ئىلى قازاق ئاپتونوم ۋىلايىتى / Ili Qazaq aptonom wilayiti, қыт. 伊犁哈薩克自治州, пин-йин: Yīlí Hāsàkè zìzhìzhōu) — Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) қаласы бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады. Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялы облыс.

Шекараласуы

Іле Қазақ автономиялық облысы Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, Моңғолияның Баян-Өлгей Қобда аймақтарымен, (Алтай тау жүйесінің орталық биік таулы бөлігі арқылы Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен және Қырғызстанмен шекараласады.

Шекара кеден бекеттері

Іле Қазақ автономиялық облысы 8 кеден бекеті қызмет атқарады: